"Жігіттер" тобының продюсері жұртқа "Еркек бол" дейді

Ол кітабын сатып алған оқырмандарға "Жігіттер" продюсерлік орталығы атынан арнайы сыйлық берілетінін айтты.

"Жігіттер" тобының продюсері жұртқа "Еркек бол" дейді
фото: massaget.kz

Кеше "Жігіттер" тобының продюсері Ерғали Әбдірайымов "Еркек бол" атты кітабының тұсаукесерін жасап, оған көптеген өнер иесі қатысты, деп хабарлады paryz.kz.

Еңлік Әбдіқадыр құрастырған кітаптың тұсауын Мақпал Жүнісова, Мейрамбек Бесбаев, Нұртас Айдарбеков кесті.

"Бұл кітапта "Жігіттер" тобының жүріп өткен жолы, қызығы мен шыжығы, қоғамдағы ер-азаматтың міндеті мен жауапкершілігі жайлы тарқатып айттық. Ұл тәрбиелеп отырған ата-аналар оқысын, еркектік мінезді насихаттап, әкелер өз рөлін дұрыс атқарса екен деген оймен, темірдей тәртіп арқылы еңбектеніп, адал жолда жүрсе екен деген жақсы тілекпен жалпақ жұртқа осы кітапты ұсындым", - дейді Ерғали Әбдірайымов.

Сондай-ақ ол кітаптың аудио нұсқасы да жарық көрген. Оны "Qazaqstan" арнасының басты дауыс иесі Азамат Қанапия таспалапты.

Жұртты еркек болуға шақырған кітаптың таралымы - 10 мың дана. Оны сатып алған оқырмандарға "Жігіттер" продюсерлік орталығы атынан арнайы сыйлық беріледі екен.