"Бірінші күйеуім түрмеден шыққанда бәрі жақсы болады" - Баян Алагөзова

Ол ауыр соққыдан кейін 2 жылдай өзіне келе алмай жүргенін айтып, сол кезде қасында болғаны үшін қазіргі жолдасына алғысын білдірді.

"Бірінші күйеуім түрмеден шыққанда бәрі жақсы болады" - Баян Алагөзова
фото: Instagram парақшасынан скриншот

Баян Алагөзова ұзақ үзілістен соң сұхбат берді. Продюсер отбасы, алдағы жоспарлары мен шығармашылығы жайлы айтты. Болған оқиғаға қарамастан, продюсер бірінші күйеуіне күн сайын дұға етіп отыратынын да жасырмады. Бұл туралы "Без фильтров" бағдарламасында айтылды, деп жазды paryz.kz.

Ол қазір отбасында зорлық көрген әйелдер туралы кино түсіріп жатыр екен. Бұндағы мақсаты – қазақ әйелінің проблемасын әлемдік деңгейге көтеру. Қысқасы, Баян Мақсатқызы өз басынан өткен оқиғадан соң әйел мәселесін мықтап тұрып қолға алған.

"Әйел мәселесін қолға алу, еліміздегі әйелдерге көмектесу үшін өзім осындай оқиғаға тап болған шығармын деп ойлаймын. Өткен оқиға үшін өкінбеймін. Бірінші күйеуіме бақыт тілеймін. Ол үшін күнде дұға етемін. Ол – жас, дені сау. Ақымақ адам емес. Ол керемет әке болды. Ол керемет күйеу, анасына керемет бала болды. Оны жаман деп айта алмаймын. Сондықтан түрмеден шыққанда бәрі жақсы болады деп сенемін. Оның да бақытты болғанын қалаймын", - деді Алагөзова.

Салыстырмалы түрде, Баян Мақсатқызы бірінші күйеуінің өте қызғаншақ адам болғанын, ал қазіргі жолдасы Тұрсынның өте сабырлы екенін айтты. Сондай-ақ, ол ауыр соққыдан кейін 2 жылдай өзіне келе алмай жүргенін айтып, сол кезде қасында болғаны үшін қазіргі жолдасына алғысын білдірді.

"Мен екі жыл өзіммен ғана айналыстым. Қыздарымның қайда жүргенін, не істеп жатқанын білмедім. Олар туралы ойлауға шамам келмеді. Екі жылдан кейін ғана "екі жыл бұрын не істедіңдер?" деп сұрадым. Олардың жанында ата-анам болды. Екі жыл бойғы азабымды жолдасым көрді. Жылағанымды да, қиналғанымды да сол көрді. Жанымды болды. Мені қолдады", - деді Баян Алагөзова.