Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

"Қашанғы мал болып жүремін...": Аманғали әнші болуға бел буды

"Кейіннен малшылыққа кетіп қалдым ғой. "Егіз лебізде" өзімді көрсетуге барынша тырысамын. Үйтіп-бүйтіп әнші болып алу керек", - дейді ол. 

"Қашанғы мал болып жүремін...": Аманғали әнші болуға бел буды
фото: ашық дереккөз

Белгілі әзілкеш Аманғали Сыпабеков "Егіз лебіз" шоу бағдарламасына қатысатын болды. Алғаш ұсыныс түскенде ол бірден қуана келіскен, деп хабарлады paryz.kz

"1 ай бұрын ұйымдастырушылар хабарласты. Қатысқым келген соң бірден келістім. Мені негізі әке-шешем ит болсын деп емес, әнші болсын деп тәрбиелеген ғой. Кішкентайымнан әншілікке тәрбиелеген, "Әнші балапанға" қатысқанмын. Кейіннен малшылыққа кетіп қалдым ғой. "Егіз лебізде" өзімді көрсетуге барынша тырысамын. Үйтіп-бүйтіп әнші болып алу керек", - деді әзілкеш ұлттық арнаның "Таңшолпан" бағдарламасына берген сұхбатында.

Еске сала кетсек, ол кезекті бір сахналық монологында "Әлі мал болып жүрмін..." деп қалжыңдаған еді. Енді "әке-шешем ит болсын деп тәбиелемеді" деп отыр. Әйтеуір бір өзгеріске деген талпынысы бар екені анық.