"Түркістанның астана болып кетуін қос қолдап қолдаймын" - Қайрат Әділгерей (ВИДЕО)

"Астана жылы болу керек. Мысалы, Стамбулда, Римде, Будапеште дәл осындай ауа райы болса, кім барады?" - дейді ол.

Бұл туралы белгілі актер Qasqa Jol Youtube арнасына берген сұхбатында айтқан, деп жазды paryz.kz.

"Мен Түркістанға барып қайтқанда, ол қалаға сондай ақша салынып жатқанына қатты қуандым. Түркістанда ғимараттар көтеріліп жатқанына өте риза болдым. Өйткені киелі астана ғой. Тіпті Түркістанның астана болып кетуін мен қос қолдап қолдаймын. Астана жылы болу керек. Мысалы, Стамбулда, Римде, Будапеште дәл осындай ауа райы болса, кім барады? Туристер жылы жерге келеді. Түркістан бұл талаптарға жауап береді. Мен қазан айының аяғында барған кезде шетелдіктер – қытайлардың, жапондықтардың рахаттанып демалып жүргенін көрдім. Ешқандай суық жоқ, жел. Туристік орындарды асықпай отырып тамашалай аласың", - дейді Қайрат Әділгерей.