"Опымай" әні афроамерикалықтар арасында да хит болып жатыр (ВИДЕО)

Бейнебаянға үңілген жігіт билеп жүрген досына видеоны бірге тамашалап, клиптегі бидің қимылдарын қайталауға шақыруда...

"Опымай" әні афроамерикалықтар арасында да хит болып жатыр (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

"Азия", "Бақай" топтарының "Опымай" атты танымал әні қазір афроамерикалықтардың арасында хит болып жатыр, деп хабарлады paryz.kz.

Ол әнге сүйсіне билеп жүрген шетелдіктердің видеосы Instagram-дағы qazaq.zhyldyzdary парақшасына жарияланған. Жігіттердің екеуі көтеріңкі көңіл-күймен билеуге кірісіп жатса, үшіншісі оларды видеоға түсіріп жүр. Ал бейнебаянға үңілген жігіт билеп жүрген досына видеоны бірге тамашалап, клиптегі бидің қимылдарын қайталауға шақыруда. Сондай-ақ ол "Опымай" әнін атақты оңтүстіккореялық әнші Psy-дың Gangnam Style әніне ұқсатқан.

Еске сала кетсек, "Опымай" әні алғаш шыққан бір ай ішінде Yutube желісінде 10 миллионнан астам қаралым жинап, елімізде ерекше танымалдылыққа ие болған еді.