Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Қазағым" деп жүріп "қырғыз" атанған Димаш та елден кетпек (ВИДЕО)

Сондай-ақ, Димаш Қытайдағы өмірі туралы айтты. Ондағы тұрғындардың өзін жылы қарсы алғаны ұнаған...

"Қазағым" деп жүріп "қырғыз" атанған Димаш та елден кетпек (ВИДЕО)
фото: 24.kz

Қазақтың маңдайына біткен әлемге әйгілі әншіміз Димаш Құдайберген жеке шығармашылығын дамыту үшін АҚШ-қа көшетінін мәлімдеді, деп хабарлады paryz.kz.

MTV USA арнасына ағылшын тілінде сұхбат берген ол, Кевин Кеннимен болған 9 минуттық әңгімесінің үзіндісін өзінің instagram-дағы парақшасына жариялады. Айтуынша, оған жанкүйерлерімен әңгімелесу, ата-анасының қуанышы шабыт сыйлайды.

Сондай-ақ, Димаш Қытайдағы өмірі туралы айтты. Ондағы тұрғындардың өзін жылы қарсы алғаны ұнаған.

"Менің қытайлық аудиториям өте мейірімді, қамқор", - дейді әнші.

Ал қазақ аудиториясы ше? Қазақты ұлтым деп еміренген, жұртым деп тебіренген қаршадай ұлын "қырғыз" деп қыжыртып, "ит қосып қуалағандай" болғаны қалай? Ол АҚШ-қа кетуді неге дұрыс деп санады екен? Жарық жұлдызын өз елінде өзекке теуіп, кезінде кеудесінен итергендер қарап жатпаған шығар, бәлкім? Құдай-ау, осы біз неге есімі еленіп, аты оза бастаған тұлғаларды тұғырынан тайдыруға тырыса береміз?!

Тағы оқи отырыңыз: "Тұтас елге тізе бүктірдің ғой!": танымал журналист Димашты сынап тастады

Өзімсініп айтқан бір сөзі жақпай қалса, өз ұл-қызын тентіретіп жіберуге дайын тұратын қазақ билігі де бұл әдетінен арылмас, сірә...