Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Ас әзірлей алмайтын Джуринская енесімен қарым-қатынасын сөз етті

"Оған қоса, олар ойланбастан біздің бөлек тұруымызға рұқсатын берді", - дейді ол.

Ас әзірлей алмайтын Джуринская енесімен қарым-қатынасын сөз етті
фото: Instagram парақшасынан скриншот

Белгілі актриса Жәния Джуринская Instagram-дағы парақшасына өзінің енесімен қандай қарым-қатынаста екенін жазды. Айтуынша, жақында ғана шаңырақ көтерген жас жұбайлар ата-аналарынан бөлек тұрады екен, деп жазды paryz.kz.

"Енеңізбен қарым-қатынасыңыз қалай? Бұл - менің оқырмандарымның басым көпшілігін қызықтыратын сұрақ. Өкінішке қарай, көптеген келіндер өз енелерімен тіл табыса алмай жатады. Менің жағдайымда барлығы өте жақсы. Жолдасымның отбасы мені туған қызындай қабылдап, біздің кез келген бастамамызға қолдау білдіруде. Оған қоса, олар ойланбастан біздің бөлек тұруымызға рұқсатын берді. Тіпті, менің ас әзірлей алмайтыныма да түсіністікпен қарайды", - дейді актриса.

Оны оқыған оқырмандары ене мен келіннің жақын қарым-қатынасына сүйсініп, жас жұбайларға енді балалы болуды тіледі.