Матайға - "Матай Бөрібай батыр" медалі: актриса "ұлттық рухты көтергені үшін" марапатталды

Актриса бұл төсбелгіні өзінің алып жүрген марапаттарының ішіндегі ең құндысы деп санайды.

Матайға - "Матай Бөрібай батыр" медалі: актриса "ұлттық рухты көтергені үшін" марапатталды
фото: ашық дереккөз

Тележүргізуші, актриса Аша Матай "Матай Бөрібай батыр" медалімен марапатталды, деп хабарлады paryz.kz, nege.kz-ке сілтеме жасап.

"Мен "Матай Бөрібай батыр" төсбелгісімен, яғни медалімен марапатталдым. Куәлігінде "Ұлттық рухты көтеру жолындағы еңбегі үшін" деп жазылыпты. Осы ретте еңбегімді жоғары бағалағаны үшін "Матай Бөрібай батыр" қорының ұйымдастыру алқасына алғысымды білдіремін", - деді ол.

Актриса бұл төсбелгіні өзінің алып жүрген марапаттарының ішіндегі ең құндысы деп санайды. Айта кетсек, Аша Матайдың шын есімі – Ақбота Асқарбекова. 1988 жылы Алматыда заңгерлер отбасында дүниеге келген. "Шабыт" және "Жаһан дала" байқауларын Гран-приінің иегері.

2015 жылы Mysterions тобының мүшесі Арман Қоңырбаевқа тұрмысқа шыққан. Екі баласы бар.