Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Арықтаған Зарина Омароваға хат жазушылар көбейіп кетіпті

"Мен тұрмысқа шыққан соң бар өмірімді бала-шағама, жолдасымның мансабының өсуіне жұмсадым. Оны қолдадым..." - дейді әнші.

Арықтаған Зарина Омароваға хат жазушылар көбейіп кетіпті
ашық дереккөз

"Артық салмақтан арылдым. Арықтағалы бері маған хат жазушылар көбейді. Күйеуім қызғанатын болды", - дейді әнші Зарина Омарова. Соған қарамастан кәсіпкер жолдасы әншінің өнерге қайта келуін қолдап, сахнаға өзі шығарған. Алайда әнші желіде белсенді емес. Бейнебаян түсіріп, хит әндер шығара қоймады. Оның себебін "Ревю" бағдарламасында айтты, деп хабарлады paryz.kz.

"Мен тұрмысқа шыққан соң бар өмірімді бала-шағама, жолдасымның мансабының өсуіне жұмсадым. Оны қолдадым. Он жыл үйде отырдым. Бала босанған соң, өздеріңіз білесіздер, қатты толып кеттім. Сахнаға шығатын болған соң қайта өзімді қолға алдым. Мені күйеуім қолдады. Бұрын жолдасымды көпшілікке көрсетпейтінмін. Себебі, жолдасым қаламайтын. Кейін мені ажырасып кетті немесе басы бос па деген көрермен үшін түсінікті болсын деп жолдасыммен бірге түскен суреттерді жариялап жүрмін. Карантин кезінде жоспарлы бейнебаяндар түспей қалды. Карантин көп нәрседен құр қалдырды. Кейін бейнебаянның өзектілігі құрыды. Хит ән табу, жақсы ән табу - ең қиыны. Сондықтан жақсы ән табылмай жатыр", - дейді әнші.