Жазбада дүниежүзінің 45-тен астам елі цирктерде жабайы аңдарды пайдалануға толығымен тыйым салынғаны туралы айтылған...
"Шымкент-цирк" нөмірлерінде аңдарды пайдаланудан бас тартты. Бұл туралы цирктің баспасөз қызметі Instagram-дағы парақшасында хабарлады, деп жазды paryz.kz.
Жаңа бағдарлама Наурыз мерекесі аясында және қазақ балуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына орай "Дю Солей" циркінің үздік әдістемелерін пайдалана отырып, ұлттық колориттің сақталуымен таныстырылмақ.
Тағы оқи отырыңыз: Әйтеновтің әншілерден тұратын "командасы" сайқымазақпен толықты
Жазбада дүниежүзінің 45-тен астам елі цирктерде жабайы аңдарды пайдалануға толығымен тыйым салынғаны туралы айтылған. Осылайша, "Шымкент-цирк" алдағы уақытта мына бағыттарда дамиды:
клоунада және шапито;
джигитовка және каскадерство;
жонглерлік ету және эквилибристика;
әуе гимнасттары.