Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

"Байлар да жылайды": той әртістері бір тілім нанға зәру болып қалған

Қазір әртістер ет бизнесімен айналысып, қымыз сатып, наубайхана аша бастаған. Ал кейбіреуі такси жүргізушісі, тамақ тасымалдаушы болып жұмысқа кірген...

"Байлар да жылайды": той әртістері бір тілім нанға зәру болып қалған
фото: yvision.kz

Продюсер Баян Алагөзова "Время" газетіне берген сұхбатында карантиннен туындаған қаржылық мәселелер туралы айтып, Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан қолдау таппағанына наразылық білдірді, деп хабарлады Stan.kz.

"Бір жылға жуық жұмыссыз отырып, біздің Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан бірде-бір сөз естімегеніміз өкінішті. Біз не істейміз, қалай өмір сүреміз? Мемлекеттен ешқандай көмек алған да жоқпыз", - деді Алагөзова.

Продюсер өзінің қаржылық қажеттілігін Instagram-дағы жарнама, жеке тапсырыстар және күйеуі өтеп отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, қазақстандық әртістер ет бизнесімен айналысып, қымыз сатып, наубайхана аша бастаған. Ал кейбіреуі такси жүргізушісі, тамақ тасымалдаушы болып жұмысқа кірген.

"Менің көптеген әріптесім бір кесек нансыз отыр, жабық шаралардан ақша тауып жүр. 2021 жылы сәуірде менің тұрақты кәсібім болып келген "KeshYOU" тобына 15 жыл болады. Бізде үлкен жоспарлар болды, мерейтойлық концерт жасағымыз келді, бірақ қазір оған ақша жоқ. Бұрын 15 желтоқсаннан бастап біз бір іс-шарадан екіншісіне әрең үлгеруші едік, ал қазір тып-тыныш. Егер біз тағы бір жыл отыратын болсақ, онда топты тарату туралы ойлануға тура келеді", - дейді Баян.