"Тақиялы періште" коронавирустан қайтыс болды

Оның 10 баласы, 22 немересі және 20 шөбересі бар.

"Тақиялы періште" коронавирустан қайтыс болды
фото: almaty.tv

Қазақстанның Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Әлімғазы Райымбеков коронавирустан қайтыс болды. Бұл туралы актердің қызы Сурия Райымбекова айтты, деп хабарлады paryz.kz.

Белгілі қазақстандық актер 19 қаңтарда 86 жасында өмірден озды. "Қазақфильм" киностудиясының баспасөз қызметінің мәліметінше, Әлімғазы Райымбековті жерлеу рәсімі ертең Алматы облысы Көксу ауданы Мәмбет ауылында өтеді.

Еске сала кетсек, актер былтыр 20 желтоқсанда 85 жас мерейтойын атап өткен еді. Оның 10 баласы, 22 немересі және 20 шөбересі бар.

Актердің фильмографиясында "Қан мен тер", "Ән қанатында", "Асуда", "Көк маршрут" сияқты 10-нан астам танымал картина бар.