Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

"Біреудің тоқалы шығар...": танымал тележүргізуші өз шындығын айтты (ВИДЕО)

"Бұйырса, өмірім жайлы кітап жазамын. Жеке өмірім туралы білу сіздерге қызық болатын сияқты" деп жазды Анна Данченко.

"Біреудің тоқалы шығар...": танымал тележүргізуші өз шындығын айтты (ВИДЕО)
фото: ztb.kz

Танымал тележүргізуші Анна Данченко өзін біреудің тоқалы деп қаралағандарға жауап берді, деп хабарлады paryz.kz

"Менің жеке өмірім туралы… "Біреудің тоқалы шығар!" Білесіздер ме? Егер осы күнге дейін маған айтылғанның бәріне құлақ аса беретін болсам, бүгін дәл осындай болмас ем! Мен үшін ата-ананың ойы маңызды. Әке-шешем әрдайым менің басты ұстаздарым болды және болып қала бермек. Алайда 17 жасымда оқуға кеткелі өз бетімше жеке өмірге қадам бастым. Жеңіс те, жеңіліс те көп болды.

Айналамда адамдардың барлығы "Сенің қолыңнан келмейді!", "Сенен қандай педагог шығады дейсің?", "Ауылдың қызы!", "Қазақ тілін білудің арқасында аман жүр!" деп айтқаны есімде… Бұдан өзге көп нәрсе айтылды… Мен ешуақытта кішкене қаладан келгенімнен, отбасымның бай еместігінен ұялған емеспін. Біз асып-тасып өмір сүрмесек те, жоқшылық көрген емеспіз. Осыдан адамдардың бірнәрсеге жете алатыныма сенбейтіні көңіліме тиетін. "Қазақ тілінде сөйлей алатын орыс қызынан" артық. Әрине, мемлекеттік тілді білу маған көп көмектесті және осы күнге дейін көмектесіп келеді", - дейді тележүргізуші.

Сондай-ақ ол 18 жасынан бастап ақша жинағанын, еңбектенгенін, өз маңдай терімен тапқан ақшасына Алматыдан пәтер, көлік, т.б. сатып алғанын айтты. 

"Аралға келгенімде біреудің осының бәрін маған бір ағашка сатып алып беріп жүргенін айтып, мені біреудің тоқалы деп сыбырлағаны есімде. Осыған бола жеке өмірімді жария етпейді деген пікірде екен. Анам да ешнәрсе сұрамады және әңгімені өзім бастадым. Бірінші рет, үлкендерше.

Рас айтамын, мен басқаша тәрбиеленген жанмын. Мен "жермен-жексен болсам да" еңбектенемін, бірақ әке-шешемді мен үшін ұялатындай жағдайға жеткізбеймін!!! ЕШҚАШАН!

Қазір шүкір, мен жұмыс істеймін және ешкімге тәуелді емеспін. Еңсемді тік көтеріп жүре аламын. Анна Данченко болу үшін үлкен жолдан өттім. Қаншама жағымсыз сөз естідім, қаншама жерім көгерді… көп нәрсе болды. Бірақ мұның барлығы мені тек алға жетелейді. Себебі, мен өзім үшін және отбасым үшін жақсы нәрсені тілеймін. Ағашкам жоқ, ауылдың қызы болсам қайтейін?!. Мен дұрыс өмір сүретінім үшін мақтанамын. Ата-анама рахмет! Маған сенім артпаған жандарға да РАХМЕТ! Себебі сіздер болмасаңыздар, мен мұндай мықты болмас едім.

Әлі мақсатым көп! Әлі жоспарым көп! Сол себепті барлық негативке назар аудара беретін уақытым жоқ! Бұйырса, өмірім жайлы кітап жазамын. Жеке өмірім туралы білу сіздерге қызық болатын сияқты" деп жазды Анна Данченко.

Желі қолданушылар тележүргізушіге қолдау білдіріп, сәттілік тілеп жатыр.