Енді сол арқылы басы пәлеге қалғандықтан, бүгін жазбасын өшіріп тастапты...
Алматы облысының Полиция департаменті әнші Төреғали Төреәлінің өлген шибөрімен түскен суретін тексеріп жатыр, деп хабарлады paryz.kz, ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Департамент істің мән-жайын анықтауда. Тексеру шараларының нәтижелері бойынша түзету шаралары қолданыстағы заңнамаға сәйкес қабылданатын болады. Жағдайға құқықтық баға беріледі", - делінген хабарламада.
Тағы оқи отырыңыз: "Шулатпай шибөріні дұрыс болар...": Төреғали да "аңшы" болып жүр
Айта кетсек, әнші 25 желтоқсанда Instagram-дағы парақшасына өлген шибөріні желкесінен ұстап отырып түскен суретін жариялаған еді. Желі қолданушылардың ашуын тудырған бұл суретінің астына өзі жұртты солай "шибөрілердің желкесінен бүруге" үндеген өлең жолдарын да салып қойған-ды. Енді сол арқылы басы пәлеге қалғандықтан, бүгін жазбасын өшіріп тастапты.