Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

"Шулатпай шибөріні дұрыс болар...": Төреғали да "аңшы" болып жүр

Ал енді біреулер "Сені бүріп ұстап, лақтырып жіберу керек. Мақтанатын нәрсені тапқан екенсің. Алдымен анасының аяғын жуады, содан кейін жануарларды өлтіреді. Бұл - аң, ал сен - жануарсың!" деп жазуда. 

"Шулатпай шибөріні дұрыс болар...": Төреғали да "аңшы" болып жүр
фото: Instagram парақшасынан скриншот

Әнші Төреғали Төреәлі өзінің Instagram-дағы парақшасына өлі шибөріні ұстап отырған суретін жариялады. Желі қолданушылары әншінің бұл әрекетін айыптап жатыр, деп хабарлады paryz.kz.

"Бұл - күнә! Неліктен сіз жануарларды өлтіресіз?", "Көңілімді қалдырдың. Енді сені оқымаймын", "Неліктен сіз жануарды азаптадыңыз?", "Қатал екенсіз. Бұл - тірі жаратылыс, Құдайдың жаратылысы", "Күнә емес пе бұл? Бай жалқаулар. Бұл қасқыр саған қарғыс айтады" деген сынды пікірлерді жарыса жазысуда желі қолданушылар.

Сондай-ақ бір оқырманы: "Баяғыда біздің ата-бабаларымыз қажет болған кезде аң аулаған. Сізді бұл аңды қажеттілік үшін ауладыңыз деп айта алмаймын. Қызығушылық үшін аң аулайтындар: бәлкім, сіз қазақтың қанында бар деп айтарсыз, бірақ біздің ата-бабаларымыз малға шабуыл жасаған жыртқыштарды ғана аулаған. Бұл аңның сіздің малыңызға шабуыл жасамағаны 100% белгілі", -  деп қынжылған.

Ал енді біреулер "Сені бүріп ұстап, лақтырып жіберу керек. Мақтанатын нәрсені тапқан екенсің. Алдымен анасының аяғын жуады, содан кейін жануарларды өлтіреді. Бұл - аң, ал сен - жануарсың!", "Бұл фотосуретті жүктеудің қажеті жоқ еді. Ертең кешірім сұрауға тура келеді ғой", "Ұят. Жақсы нәрсе туралы ән айтады. Ал өзі өлтіреді", "Неліктен өлтірілген қасқырмен фотоға түсіп, көрсету керек? Неге мақтануың керек? Табиғат-ана адамдардан қолдау күтеді, жануарлар аш жүреді, экология өзгереді", "Көптеген жыл өткен соң балалар бұл ата-анаға не деп айтады? Ұят!" деп әншінің басына біраз "қара аспанды төндіріп" тастаған.