Саят Медеуов зардап шеккен жол апатының деректері анықталды

Жантүршігерлік жол апатына түскен Саят Медеуовтің қазіргі жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап. 

Саят Медеуов зардап шеккен жол апатының деректері анықталды
Фото: Inform.kz

Бұл туралы өнер иесінің досы Ербол Спаналиев Экспресс Қазақстан басылымына берген сұхбатында айтып берген.

Саят Медеуовтің досы оның бүгінде Талдықорғанның қалалық ауруханасында жатқанын хабарлады. Әртіс жансақтау бөлімінен шыққан. Оған екі ота жасаған. Оның сөзінше, өнер иесі отырған көлік Талдықорғанға жете бергенде жол апатына ұшыраған. Автоны әншінің жиені тізгіндеген. Жүргізуші жиені жолда ұйықтап кетіпті. Жол апатынан Саяттың қабырғасы мен жамбасы қатты сынған. "Кеше дәрігерлер Саяттың жамбасына екінші операция жасады. Операция сәтті өтті. Қазір Саяттың жағдайы жақсы. Ол жансақтау бөлімінен травматологияға ауысты. Қазір әншінің әйел, бала-шағасы қасында жүр. Саяттың сөйлесуге мүмкіндігі бар. Кеше кешке хабарластым", — деді досы Ербол Спанәлиев.