Прямая трансляция

Астана

Астана

17°C

Көкшетауда 170 млн теңге жымқырған лауазымды тұлғалар қамауға алынды

170 млн теңгеден астам қаражатты жымқырғаны үшін Көкшетау қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімімінің бұрынғы басшысы, техникалық қадағалау – «М-Строй Проект» ЖШС және мердігер компания «ПавлодарЭнергоМонтаж» ЖШС басшыларын ұсталып,  уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Көкшетауда 170 млн теңге жымқырған лауазымды тұлғалар қамауға алынды
Фото: Kazinform

Аталмыш қаражат 2021 жылы Көкшетау қаласындағы ескі әуежайдан бастап Қан орталығына дейін «Набережная» жағажайын салуға бөлінген.

Күдіктілердің әрекеттері аса ірі көлемде жымқыру – талан-таражға салу, яғни Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі бойынша сараланды.

Қазіргі уақытта, қылмыстық іс аяқталу үстінде, соңғы нүктені іс бойынша сот қоятын болады.