Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Алматы облысында білім саласының қызметкерлері 130 млн теңге жымқырған

Алматы облысының Еңбекшіқазақ аудандық соты Балқаш ауданының білім бөлімінің басшысы Д. Ақмолдаеваға және осы бөлімнің 8 бухгалтеріне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды paryz.kz.

Алматы облысында білім саласының қызметкерлері 130 млн теңге жымқырған
Фото: istockphoto.com

Олар 129,6 млн теңге сомасында бюджет қаражатын өзіне артық жалақы аудару арқылы жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Ақмолдаева мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Бухгалтерлерге мемлекеттік қызметте 3 жылдан 10 жылға дейін қызмет атқаруға тыйым салынып, 2 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру және шектеу жазасы тағайындалды.

Тура осылай «Талдықорған қаласының №12 орта мектебі» КММ бухгалтерлері өздеріне белгіленген нормадан жоғары жалақы аудару арқылы 24,5 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.