ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары Ілияс Өсеров қамауға алынды. Ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Paryz.kz.
«Қамауға алынғанын растаймыз, әзірге істің мән-жайы туралы мәлімет берілмейді», - деді Антикор төрағасының кеңесшісі Арман Тілеукенов ҚазАқпарат тілшісіне.
Еске салсақ, Ілияс Өсеров өткен жылы 2 наурызда Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалған еді.