Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Жамбыл облысының экс-әкімі Кәрім Көкірекбаев ұсталды

ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің директоры Кәрім Көкірекбаев ұсталды, - деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі.

Жамбыл облысының экс-әкімі Кәрім Көкірекбаев ұсталды
Фото: ашық дереккөз

Антикордағылар ақпаратты растады, бірақ әлі толық мәлімет берген жоқ.

Көкірекбаев "BAZIS CONSTRUCTION" - "INFR." ЖШС бөлімшесінің директоры Андрей Поплавскийден шамамен 800 мың доллар пара алған кезінде ұсталған.  

Айта кетейік, Кәрім Көкірекбаев 1957 жылы 28 шілдеде Жамбыл облысы Шу ауданында туған.

Еңбек жолын 1975 жылы Шу станциясы локомотив депосы машинисінің көмекшісі болып бастады.

Әр жылдары табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау вице-министрі, "Air Kazakhstan Tour" компаниясының бас директоры, "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ бас инженері, басқарушы директоры, вице-президенті, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.

2013 жылдың желтоқсанынан 2018 жылдың қаңтарына дейін Жамбыл облысының әкімі болды.

2018 жылдың ақпаны мен 2019 жылдың тамызы аралығында Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі қызметін атқарды.