Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Сатыбалдыұлының ірі көлемде ақша жымқырған туысына іздеу жарияланды

Антикор Қаратау кенішінде ірі көлемде ақша жымқырған Б.Байсейітовке іздеу жариялады, деп хабарлады paryz.kz ақпарат агенттігі. 

Сатыбалдыұлының ірі көлемде ақша жымқырған туысына іздеу жарияланды
фото: антикор

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қаратау» ЖШС («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ еншілес ұйымы) және «Iri building» ЖШС лауазымды тұлғаларына қатысты 2019-2021жж. кезеңінде Қаратау кенішінде (Түркістан облысы Созақ ауданы) қызмет көрсету кезінде ақша қаражатын ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастырып жатыр.

Тергеу барысында Байсейітов Қайрат Сатыбалдыұлымен туыстық байланыста болуын қолдана отырып бақылауындағы компанияны «Iri building» ЖШС лоббилендіріп отырғаны анықталды. «Қаратау» ЖШС кәсіпорны мен квазимемлекеттік сектор субъектісімен 2019 жылы «Қаратау» кеніші бойынша 6,2 млрд теңге сомасына құрылыс жұмыстарына шарт жасасты.

Б.Байсейітов «Iri building» ЖШС қызметін тікелей басқарып, объектінің құрылысына түсетін ақшалай қаражатты бөліп отырған. Бұл ретте жабдықтың бір бөлігі жеткізілмеді, ал оған арналған қаражат заңсыз шығарылып ұрланған. Мемлекетке келтірілген залал 320 млн теңгеден асты.

Қазір Б.Байсейітов Қазақстаннан тыс жерде. Оның заңсыз әрекеттері ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сараланған және оған іздеу жарияланды. Аталған адамның өзге де қылмыстар жасауға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Агенттік оның ықтимал орналасқан жері туралы ақпараты бар тұлғаларды көрсетілген телефондар бойынша хабарласуды сұрайды. Call-орталық: 1424, +7 (7172) 909 260. Ақпарат бергені үшін сыйақы қарастырылған.

Сондай-ақ ведомство өкілдері құпиялылыққа кепілдік берілетінін жеткізді.