Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменоваға сот үкімі шықты, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.
Сот үкіміне сәйкес, Бақытгүл Хаменова 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде 3 жылдан кейін өтейді. Хаменова сот залынан үйіне жіберіледі.
Сондай-ақ сот Хаменованы «Құрмет» орденінен айырды.
Облыстық мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Ақылбек Рысқалиев те 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
«Балқыту» ЖШС директоры Өміртай Адамов 4 жылға сотталды.
Бұған дейін соттағы соңғы сөзінде Бақытгүл Хаменова соттан өзін ақтауды сұрап, жеке қаулы шығаруды сұрады.
Айта кетейік, тараптардың жарыссөзі барысында мемлекеттік айыптаушы Лаура Асанова Бақытгүл Хаменова мен Ақылбек Рысқалиевті (облыстық мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы) 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.