Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Маңғыстауда пара алған антикор тергеушісі 15 млн теңге төлеп құтылды

Маңғыстау облысыннда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкері сотталды, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі. 

Маңғыстауда пара алған антикор тергеушісі 15 млн теңге төлеп құтылды
Фото: ашық дереккөзі

Әлеуметтік желілерде сыбайлас жемқорлық қылмысы (пара алу) үшін Маңғыстау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің сотталған тергеушісі А. Ізбасар туралы ақпарат тарап жатыр.

Ізбасарға қатысты Ақтау қалалық соты үкім шығарған, ол заңды күшіне енді.

Үкімге сәйкес Ізбасарға арнайы атақтан айыра отырып, 15 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ, сотталушы өмір бойы мемлекеттік қызметте еңбек ету құқығынан айырылды.

«А. Ізбасарды агенттіктің жеке қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері әшкерелегенін атап өту керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорлыққа қарсы, оның ішінде өз қатарында ымырасыз күрес жүргізеді» делінген Антикор хабарламасында.

Егер сіз сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері тарапынан заңсыз әрекетке, сондай-ақ агенттік мәртебесін алаяқтық мақсатта пайдаланатын адамдарға тап болсаңыз, мына байланыс желілеріне хабарлаңыз:

8 7172 909 372 (37)

e-mail: [email protected]

Call-орталығы – 1424