Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Қостанайда судья ірі көлемде пара алып жатқан кезінде ұсталды

Қостанай қаласында Қостанай облыстық сотының судьясы ірі көлемдегі пара алу кезінде ұсталды, деп хабарлайды paryz.kz.

Қостанайда судья ірі көлемде пара алып жатқан кезінде ұсталды
Фото: ашық дереккөзі

17 тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Жоғарғы Соттың Ішкі қауіпсіздік бөлімнің өзара іс-қимылы нәтижесінде Қостанай қаласында Қостанай облыстық сотының судьясы ірі көлемдегі параны алу кезінде ұсталды.

Ақша мүдделі тараптың пайдасына соттың оң шешімін алу үшін көзделген.  

Басқа ақпарат тергеудің мүддесі үшін жарияланбайды.

- ҰҚК-нің Тергеу департаменті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуде, - деді Жоғарғы сотта.