Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Хаменова ертеңіне сене ме?

Атырауда облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменова, мәдениет басқармасының бұрынғы жетекшісі Ақылбек Рысқалиев және "Балқыту" ЖШС директоры Өміртай Адамовқа қозғалған іс бойынша сот басталды деп хабарлайды Рaryz.kz  t.me/azattyq  сілтеме жасап.

Хаменова ертеңіне сене ме?
ашық дерек көздерінен

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың ұсталғаны былтыр желтоқсанда белгілі болған. Шенеуніктің үстінен "Едәуір көлемде пара алу" (Қылмыстың кодекстің 366-бабы 2-бөлімі) бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Ол 4,5 млн теңге көлемінде "пара алғаны" жөнінде күдікке ілінген. Бұл Атырауда орнатылуы тиіс Абай ескерткішіне бөлінген тендер қаражатынан "откат" деп айтылады. Бастапқыда ол үйқамаққа алынып, кейін үйқамақтан тергеу изоляторына ауыстырылды.

Осы іс аясында Ақылбек Рысқалиев те "пара алды" деген күдікке ілінген. Ал "Балқыту" ЖШС директоры Өміртай Адамов "пара берді" деп айыпталып отыр.