Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Бақытгүл Хаменованың соты тамызда басталатын болды

Пара алды деген күдікпен қамауға алынған Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың соты тамызда басталады, деп жазады Рaryz.kz  Экспресс К сілтеме жасап.

Бақытгүл Хаменованың соты тамызда басталатын болды
facebook.com/Бакытгуль Хаменова

Осыған дейін бірнеше рет кейінге қалдырылған Бақытгүл Хаменованың соты 3 тамызда басталады. Сот отырысы ашық өтеді,

— деп мәлімеді облыстық соттың баспасөз қызметіндегілер.

Шенеуніктің соты маусымнан бері кейінге қалдырылып келе жатыр. Осы іске төрағалық етуші сот басқа іспен кеңесу бөлмесіне кетіп, Хаменованың ісі кейінге қалдырылған. Ал кейін сот Нұр-Сұлтан қаласындағы Есіл аудандық №2 cотының төрағасы лауазымына тағайындалып, сот отырысы тағы да болмай қалған.

Еске сала кетсек, Бақытгүл Хаменова Атырауда Абай ескеркішін орнататын компаниядан 4 млн 500 мың теңге пара алды деген күдікпен өткен жылдың желтоқсанында ұсталды. Ол тергеу қапасында отыр.