Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

Павлодарда мәдениет басқармасының басшысы сотталды

Павлодардағы мәдениет басқармасының басшысы Самал Бегалинова 3 жылға бас бостандығынан айырылды деп жазады Рaryz.kz  Оrda.kz  сілтеме жасап.

Павлодарда мәдениет басқармасының басшысы сотталды
ашық дерек көздерінен

Бірақ кәмелетке толмаған балаларының болуына байланысты жазасын 5 жылдан кейін ғана өтейді. 19 маусым күні №2 Павлодар сотында Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының басшысына қатысты пара алу фактісі бойынша іс қаралды.

Сот Самал Бегалинова лауазымды тұлға ретінде мүсінші Азат Баярлиннен Әлихан Бөкейхановқа бюст дайындау бойынша Мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін 1 млн теңге көлемінде пара алғанын анықтады.