Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Боранбаев, Сатыбалды, Оператор-РОП ісі: Арнаулы комиссия мемлекетке 230 миллиард теңге қайтқанын мәлімдеді

Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия өзі құрылғалы бері мемлекеттің 230 миллиард теңгесін қайтарғанын мәлімдеді. Комиссия биыл 5 маусымда құрылған деп жазады Рaryz.kz  Аzattyq.org сілтеме жасап. 

Боранбаев, Сатыбалды, Оператор-РОП ісі: Арнаулы комиссия мемлекетке 230 миллиард теңге қайтқанын мәлімдеді
Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды

Комиссия ірі көлемде, оның ішінде шетелде ақшаны жылыстату белгілері бар ең резонанс істерді тергеу ерекше бақылауда екенін атап өтіп, бұл іске байланысты Қайрат Сатыбалдыұлы, оның бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды, Дариға Назарбаеваның құдасы Қайрат Боранбаев және Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызы Әлия Назарбаеваға қатысы бар "Опеаратор-РОП" басшыларының аты-жөнін атаған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеп-тексеріп жатқан іс бойынша айыпталушылар Люксембургтен 170 млн АҚШ долларын өз еркімен қайтарған.

Қайрат Боранбаев тергеу барысында "ҚазМұнайГаз" АҚ Қаржы мониторингі агенттігінің 11,3 миллиард теңгеге жуық шығынын өтеген.

"Тергеп-тексеру органы "Қазақтелеком" , "Көліктік сервис орталығы" және басқа мүлікті жымқыру істері бойынша шамамен 36 млрд теңгені өтетті. "Опеаратор-РОП" ісі бойынша шамамен 180 млрд теңгені жымқырудың жолы кесілді, оның шамамен 100 млрд теңгесі жеңіл автокредитке бағытталды", - дейді комиссия ақпараты.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшылары мен қызметкерлеріне жөніндегі іс бойынша Гонконг пен БАӘ-ден шамамен 3 млн АҚШ доллары қайтқан.

Комиссия мемлекет меншігіне құны 30 миллиард теңге болатын нысандарды қайтаратынын мәлімдеді. Оның ішінде құны 12 миллиард теңге тұратын "Қазақстан" санаторийі, Алматы қаласының бұрынғы әкімі Виктор Храпуновтың Шығыс Қазақстандағы жерлері аталған.

5 маусымда, конституцияға өзгерістер енгізу туралы фереферендум өткен күні Қазақстан президенті ҚасымЖомарт Тоқаев "шетелге заңсыз шығарылған қаржыны қайтаратын" комисия құрылатынын мәлімдеген.