Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

Сатыбалды мен Боранбаевтың ісіне қатысты жаңа ақпарат жарияланды

Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия өкілдері Қайрат Сатыбалдыұлы, Гүлмира Сатыбалды, Қайрат Боранбаев және РОП операторы істеріне қатысты жаңа ақпараттармен бөлісті деп жазады Рaryz.kz  Оrda.kz сілтеме жасап. 

Сатыбалды мен Боранбаевтың ісіне қатысты жаңа ақпарат жарияланды
ашық дерек көздерінен

Қазіргі таңда комиссия ірі көлемде шетелде ақшаны жылыстату белгілері бар ең резонанс істерді тергеуді өз бақылауына алған.

 

«Қазіргі уақытта тергеу органдары қабылдаған шаралар бойынша 230 млрд теңгеге жуық шығын өтелді, оның ішінде шетелдік юрисдикциялардан қайтарылды. Мысалы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеп жатқан іс бойынша сотталушылар 170 миллионнан аса долларды өз еркімен қайтарды. Люксембургтен «Қазақтелеком» АҚ, «Көлікке қызмет көрсету орталығы» АҚ және басқа компаниялар мүлкін жымқыру ісі бойынша тергеу органына 36 миллиард теңгеге жуық шығын өтелді» деді комиссия өкілдері.

Боранбаев ісінде «ҚазМұнайГаз» АҚ Қаржы мониторингі агенттігінің 11,3 млрд теңгеге жуық шығынды өтеген.

РОП операторына қатысты 180 млрд теңгеге жуық қаражаттың ұрлануына жол берілмеді, оның 100 миллиардқа жуығы жеңілдетілген автонесиеге бағытталды.