Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Рамазан Сәттібаев: Ұлттық спортқа бөлінген 1 миллиард теңгені Қайрат Сатыбалды алып алған

Ұлттық спорт түрлерінен мемлекеттік жаттықтырушы болған Рамазан Сәттібаевтың айтуынша, Ұлттық спорт қауымдастығы былыққа белшесінен батқан. Тіпті "Самұрық-Қазынадан" бөлінген 1 миллиард теңгегі Ұлттық спорт қауымдастығының құрметті президенті Қайрат Сатыбалды өзі алып алған, деп жазады  Рaryz.kz   Ulysmedia.kz сілтеме жасап.

Рамазан Сәттібаев: Ұлттық спортқа бөлінген 1 миллиард теңгені Қайрат Сатыбалды алып алған
ашық дерек көздерінен

Ұлттық спорт қауымдастығына Бекболат Тілеухан президент болғаннан кейін түрлі мәселелер туындай берген. Алайда оны шешуге федерация басшысы құлықсыз болған көрінеді.

«Самұрық-Қазына» қорынан жыл сайын ұлттық спортқа ірі көлемде ақша бөлінеді. Бірақ Бекболат Тілеухан үнемі "ақша жоқ" деп отырады. Бір жылдары біз Ұлттық спорт қауымдастығына 1 миллиард теңгедей ақша алдық. Бұл деген ұлттық спорт үшін көп мүмкіндік еді. Бекболатпен сөйлесіп отырғанда кенжелеп қалған өңірлердегі көкпарды дамыту туралы ұсынысымды айттым. Бірақ жұмыс жасауға Бекболат Тілеуханның еш құлқы болған жоқ», дейді Рамазан Сәттібаев.

Ол осы мәселе бойынша Бекболат Тілеуханмен қатты ренжіскен.

«Ақша жоқ дей бергеннен кейін бір күні ренжістік. Сөйтсем: «ақша «Самұрық-Қазынадан» бөлінгенде Ұлттық спорт қауымдастығының құрметті президенті Қайрат Сатыбалды барып өзі алады», дейді Бекболат Тілеухан. «Сонда Қайрат біздің ұлттық спорттың ақшасына қарап тұр ма? Болмайды бұлай. Оған айтайық» десем, Бекболат «Қайтесіз, Раха, қайтесіз?» дей береді. Басқа федерацияларды алтынмен аптап қойған. Оның қасында Ұлттық спорт өз жерінде сорлының күнін кешіп жүр ғой", — дейді Рамазан Сәттібаев.

Рамазан Сәттібаев сұхбат барысында "Самұрық-Қазынадан" ұлттық спортқа бөлінген ақшаның бір бөлігі Бекболаттың қалтасына түсіп отырғанын айтты.

«Қауымдастықтың кеңсеті Бекболат Тілеуханның жеке ғимараты болатын, соған ақша төлеп отырдық. Ол жерде тек ұлттық спорт қауымдастығы ғана емес, Спортты дамыту орталығы да кеңсені жалға алып отыр», — деді Рамазан Сәттібаев.