Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Шымкентте мәдениет басқармасының басшысы қамауға алынды

Шымкентте мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы қамауға алынды. Ол басқа да лауазымды тұлғалармен қосылып балалардың спорттық үйірмелеріне бөлінген қаржыны ұрлау фактісімен күдікке ілінді, деп жазады Рaryz.kz  Экспресс К сілтеме жасап.

Шымкентте мәдениет басқармасының басшысы қамауға алынды
ашық дерек көздерінен

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің мәліметінше, басқарма басшысы мен "Аrtspor" платформасы арқылы балалар шығармашылығын жан басына қаржыландыруға бөлінген қаражатты ұрлауды ұйымдастырған басқа да лауазымды тұлғаларға қатысты тергеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда мемлекет қаржысын иемденудің екі фактісі тіркелген.

Яғни, "Аrtsport" ақпараттық жүйесі арқылы 10 миллион теңге шамасында балалар үйірмелерге қатысқандығы туралы жалған мәліметтер пайдаланылған. Жалпы 2022 жылы Шымкентте спорттық үйірмелерге мемлекеттік тапсырыс аясында 2,3 миллиард бөлінген. Антикор қызметкерлері қаражатты жымқырудың өзге де деректерін тексеріп жатыр.

Сот санкциясымен басқарма басшысы қамауға алынды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етуге жатпайды