Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Антикор «Аrtsport» платформасындағы ұрлықтың жолын кесті

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшылығына және ағымдағы жылы өздерінің бақылауындағы фирмаларды қолданып «Аrtsport» платформасы арқылы балалар шығармашылығын жан басына қаржыландыруға бөлінген қаражатты ұрлауды ұйымдастырған басқа да лауазымды тұлғаларға қатысты тергеу жүргізуде деп жазады Рaryz.kz  Оrda.kz сілтеме жасап.

Антикор «Аrtsport» платформасындағы ұрлықтың жолын кесті
ашық дерек көздерінен

– Департамент тергеуінде 10 миллион теңге шамасында «Аrtsport» ақпараттық жүйесі арқылы балалар үйірмелерге қатысқандығы туралы жалған мәліметтерді пайдаланған ұрлаудың екі фактісі бар. Спорттық мемлекеттік тапсырыс аясында 2022 жылы Шымкент қаласына 2,3 миллиард теңге бөлінген. Бюджет қаражатын иемдену бойынша ұқсас фактілері қосымша тексерілуде, – делінген хабарламада.

 

Соттың санкциясымен басқарма басшысы қамауға алынды. Айта кетейік, ззге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.