Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Әрқайсысыңнан 800 мың теңге": Оқу орнының бұрынғы қызметкері студенттерден пара алған

Емтихан тапсырмай диплом әперуге уәде еткен әйелге сот үкімімімен үш жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды деп хабарлайды paryz.kz, Polisia.kz -ке сілтеме жасап. 

"Әрқайсысыңнан 800 мың теңге": Оқу орнының бұрынғы қызметкері студенттерден пара алған
Фото: polisia.kz

Оқу орнының бұрынғы қызметкері студенттерден пара алған.  

Алаяқ ақша табу мақсатында екі азаматқа оқуға бармай диплом  алып беруге және емтихандарды тапсырмай өтуіне көмектесетінін айтады. Осылайша жастардың сенімдеріне кіріп алдымен олардан 100 мың және 70 мың теңге алған. Кейіннен оқу жылдары аралығында емтихандардан өту үшін жәбірленушілердің әрқайсысынан 800 мың теңгеден алып, бас пайдасына жаратқан.

Тәртіп сақшылары шұғыл-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, куәгерлерден жауап алып, ақша аударымдары тексерілді. Нәтижесінде жедел уәкілдер оқу орнының бұрынғы қызметкері болған күдіктіні анықтаған. 

Қылмыстық іс дәлелденіп, ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 3-тармағында (Екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған алаяқтық) көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, сот үкімімен үш жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.