Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Ағайынды полицейлер шетел азаматынан 6 мың доллар пара алған

28 сәуірде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері Атырау облысы полиция департаментінің көші-қон қызметінің басшысы Руслан Әділовті ұстады, деп хабарлайды Paryz.kz, Halyq-uni.kz-ке сілтеме жасап. 

Ағайынды полицейлер шетел азаматынан 6 мың доллар пара алған
Сурет: Halyk-uni.kz

27 сәуірде Руслан Әділов ағасымен бірге ҚР аумағынан тысқары шығу қаупі төнген Молдова азаматын Атырау қалалық сотының судьясына пара беруге айдап салған. Рекрутингтік агенттіктің директоры 6 мың доллар көлеміндегі параны полковник Әділовке берген, бірақ ағайындылар ақшаны судьяға бермей, өздеріне қалдырған.

Бұл жағдайға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 28-бабының 4-тармағы, 367-бабының 3-тармағы (Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен пара беруге айдап салу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.