Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Түркістандық шенеунікке пара алғаны үшін 23 миллион теңге айыппұл салынды

Биылғы жылдың 24 наурызында Түркістан қалалық соты Түркістан облысы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаменті басшысының міндетін атқарушы Сабыржан Дадаметовті мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге өмір бойына тыйым сала отырып, 23 млн теңге көлемінде айыппұл салды, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістандық шенеунікке пара алғаны үшін 23 миллион теңге айыппұл салынды

Сыбайлас жемқорлыққар қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған лауазым иесі Түркістан облысының "Азаматтарға арналған үкімет" қызметкерлері Атанбеков, Налибаев, Пірәлиев және Камалдан жеке тұлғаларға зейнетақыны кедергісіз тағайындағаны үшін 30-дан 150 мың теңгеге дейін пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. 

Үкім әзірге заңды күшіне енбеген.