Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Талдықорғандағы Назарбаевтың ескерткіші қайта орнатылады ма?

Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Талдықорғандағы ескерткішін қалпына келтіру мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Талдықорғандағы Назарбаевтың ескерткіші қайта орнатылады ма?
Сурет: ашық дереккөз

"Ескерткіш қалпына келтірілмейді және бұл мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ", - деді Бозымбаев бейсенбі күні өткен баспасөз мәслихатында. 

Сонымен қатар, ол қаңтар трагедиясы оқиғаларының хронологиясы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Тәртіпсіздікке 500-ге жуық адам қатысқан. Олардың көпшілігі жастар болған көрінеді. Сол кезден бастап әкімшілік ғимараттарды қирату, өртеу, тонау басталған.

"Мен облыстың әр ауданы мен қаласының әкімдерімен келіссөздер жүргіздім, ҰҚКД басшылығымен бірге арнайы штаб құрдық, оның құрамына полиция, Ұлттық Ұлан және басқа да ведомстволар қызметкерлері кірді. Мен Ішкі істер министрлігімен келіссөздер жүргізу үшін Нұр-Сұлтан қаласына ұшып кеттім. Біз астанадан көмек сұрадық. Облысқа арнайы күштер келді, терроризмге қарсы арнайы операция басталды. Осы үйлесімді іс-қимылдардың нәтижесінде тәртіп қалпына келтірілді", - деп түйіндеді Бозымбаев.

Естеріңізге сала кетейік, Тұңғыш президент ескерткіші қаңтар айының басында болған тәртіпсіздіктер кезінде бұзылған болатын.

31 қаңтарда Талдықорғандағы Назарбаев ескерткішін қирату туралы істі арнайы прокурорлар тергеп жатқаны хабарланды. Күдікті азаматтардың бірі – Азамат Батырбаев. Ол азаптауларға ұшырағаннан кейін іс қоғамда үлкен резонанс тудырды. Тіпті, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарын аударды. Қазіргі таңда азаптау фактісі бойынша тергеу жүргізілуде.