Илья Ильиннің ағасы парамен ұсталды

Белгілі қазақстандық спортшы Илья Ильин туған ағасының ұсталғанын растады, деп хабарлайды Paryz.kz, Halyk-uni.kz-ке сілтеме жасап. 

Илья Ильиннің ағасы парамен ұсталды
Сурет: ktk.kz

Мен үшін де, менің отбасым үшін де жағымсыз жаңалық болды. Қазір бұл мәселе туралы ашық айту менің құзыретіме кірмейді. Тергеу органдары айналысып жатыр. Мен ағамнан бас тартпадым және бас тартпаймын. Ағам изоляторда, ол кеше ұсталды. Оған тағылған айып бойынша адвокат жұмыс істеп жатыр. Мен онымен әлі сөйлескен жоқпын. Қазір бүкіл отбасымызбен оны кепілмен шығарып алуды ойлап жатырмыз, - деді Илья Ильин.

Еске салайық, бұған дейін белгілі журналист Михаил Козачков қазақстандық спортшы Илья Ильиннің ағасы Алексей Ильин ұсталғанын жазды.

Айтуынша, былтыр Антикор 6 миллион теңге пара алу кезінде Қызылорда қалалық прокуратурасына қарасты қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің бастығы Алихан Базарбаев ұстаған. Тергеу барысында 6 млн теңгені өңірдегі балалар спорт мектебінің директорлары жинап бергені анықталған. Олар - Иманбек Жұмабаев, Абылайхан Ақбергенов, Серік Сексембаев, Ербол Кикбаев және Алексей Ильин.

Алексей Ильин – велосипед спорты бойынша олимпиадалық резервтің облыстық балаларға арналған мамандандырылған №3 мектептің директоры.