Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Қазақстан мен жемқорлық: Transparency International ұйымы зерттеу жүргізді

Әлем бойынша сыбайлас жемқорлық деңгейін зерттеу жөніндегі Transparency International үкіметтік емес халықаралық ұйымы жыл сайынғы сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексін жариялады. Индекске сәйкес, Қазақстан 180 орынның ішінен 102 орынға тұрақтаған, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан мен жемқорлық: Transparency International ұйымы зерттеу жүргізді
Сурет: news.un.org

Аталған зерттеу аталған ұйымның ресми сайтында жария етілді. Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі (CPI) мемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлықтың деңгейіне қарай әлем бойынша 180 ел мен аумақты саралайды. Ұйым сауалнама жүргізбейді. Ал индекс беделді халықаралық институттар мен зерттеу орталықтарының зерттеулері негізінде есептеледі. Бұл ретте CPI-дің маңызды көрсеткіші рейтингтегі орны емес, ұпай саны болып саналады. Мәселен, 0 балл сыбайлас жемқорлық іс жүзінде мемлекетті алмастыратынын білдірсе, 100 балл – қоғамда сыбайлас жемқорлық мүлдем жоқ екенін көрсетеді. CPI мемлекеттік секторлағы сыбайлас жемқорлықты ғана қамтиды. 

Соңғы талдаулар жемқорлықпен күресте адам құқығын қорғау шешуші орын алатынын көрсетті. Азаматтарының бостандығы жақсы қорғалған елдерде, әдетте, CPI ұпайлары жоғары алады. Ал азаматтар құқығы бұзылатын елдер төменгі ұпайларды алады, – деді Transparency International ұйымының атқарушы директоры Дэниел Эриксон.