31.12.2021, 12:02

Павлодарда шенеуніктер қазынадан 59 млн теңге жымқырған

фото: ашық дереккөз

Кейін олардың Ленин кентіне салынған спорт кешенінің қаржысын да жымқырғаны әшкере болды.

Павлодарда қазына қаржысын жымқырған шенділер сотталды. Қаржылық моноторинг агенттігінің аумақтық департамент қызметкерлері 59 млн теңгені қолды қылған деп хабарлайды Paryz.kz, "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.  

5 адамнан құралған топқа сот 8 жылдан 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасын кесті. Сотталушылар "Сарыарқа" шағын ауданына коммуналдық желілер тарту мен абаттандыру жұмыстарына бөлінген қаражатты талан-таражға салған. 

Кейін олардың Ленин кентіне салынған спорт кешенінің қаржысын да жымқырғаны әшкере болды.

Азамат Ахметов 2016-2017 жылдар аралығында бірнеше жалған кәсіпорындарды сатып алып, оларды басқа адамдардың атына тіркеп, мемлекеттік сатып алуға қатысқан. Нәтижесінде орындалмаған жұмыстарға орындалды деген актілерге қол қойып, мемлекет қаражатын жымқырғаны анықталды, - деді Павлодар облыстық Экономикалық тергеу департаментінің басқарма басшысы Жоламан Қиналбеков.