Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Түркістан облысында шенеунік жалған құжат жасаған

Белгілі болғандай, күдікті ретінде танылған ер адам мемлекет есебінен тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие беру туралы жалған құжаттарды жасаған.

Түркістан облысында шенеунік жалған құжат жасаған
фото: ашық дереккөз

Түркістан облысының полицейлері жалған құжат жасаған мемлекеттік қызметкерді анықтады деп хабарлайды Paryz.kz, Polisia.kz-ке сілтеме жаап. 

Созақ ауданы Полиция басқармасына аудан әкімдігінен қатынас хат келген. Онда аудан әкімдігінде заңсыз қаулылар енгізілгені көрсетілген. Ақпарат алысымен созақтық полиция қызметкерлері жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізді.

Тәртіп сақшыларының тарапынан ұйымдастырылған жедел-іздестіру іс-шараларының барысында қызметтік мүмкіндігін негізсіз пайдалану арқылы құжаттарды қолдан жасау және өткізумен айналысқан Созақ аудандық әкімдігінің мемлекеттік қызметкері анықталды. Ол аудандық Полиция басқармасына жеткізілді.

Белгілі болғандай, күдікті ретінде танылған ер адам мемлекет есебінен тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие беру туралы жалған құжаттарды жасаған. Полицейлер аталған жайтты Қылмыстық кодекстің 385-бабы (Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) бойынша тіркеп, сотқа дейінгі тергеу амалдарына кірісті.

Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі таңда оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.