Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Ауыл шаруашылығы субсидияларын жымқырғандар қолға түсті

Кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара және заңсыз сыйақы алудың сыбайлас жемқорлық схемасын ұйымдастырған.

Ауыл шаруашылығы субсидияларын жымқырғандар қолға түсті
фото: ашық дереккөз

Ауыл шаруашылығы министрлігінің бөлімшелері мен оған қарасты ұйымдардағы 30-дан астам тұлға бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының көмекшісі Шыңғыс Әлекешев айтты деп хабарлайды Paryz.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізген ауқымды арнайы операция нәтижесінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің ведомстволық бағынышты бөлімшелері мен ұйымдарының, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Ақмола, Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстары әкімдіктерінің шенеуніктерінен құралған қылмыстық топтардың жолы кесілді, - деді Әлекешев.

Оқи отырыңыз: "Антикор" бірнеше өңірде арнайы операция жүргізді

Оның сөзінше, күдіктілер субсидиялауға бөлінген бюджет қаражатын жымқырумен айналысқан, сонымен қатар кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара және заңсыз сыйақы алудың сыбайлас жемқорлық схемасын ұйымдастырған.

Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде, заттай айғақтар тәркіленді, 30-дан астам тұлға анықталды, олардың көпшілігі қазірдің өзінде қылмысын мойындап, тергеуге көмектесуде. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбайды, - деді көмекші.