Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

СҚО-да Денсаулық сақтау басқармасының басшысы пара алды деген күдікке ілінді

Ол изоляторға қамалған.

СҚО-да Денсаулық сақтау басқармасының басшысы пара алды деген күдікке ілінді
фото: ашық дереккөз

Солтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы 425 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді деп хабарлайды Stan.kz

Бұл туралы ақпарат БАҚ -та пайда болды. Анықталғандай, шенеунік бұл соманы Петропавлдағы жекеменшік медициналық мекемелердің бірінің директорынан көмек беремін деп алған.

Басқарма басшысы изоляторға қамалған.

Бір айта кетерлігі, бұл ақпарат әлі де өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде де, сотта да ресми түрде расталмады немесе теріске шығарылмады.