Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

ШҚО-да жемқорды "ұстап берген" азамат миллионер болып кетті

Тағы бес азамат орташа есеппен 100 мың теңгеден сыйақы алды.

ШҚО-да жемқорды "ұстап берген" азамат миллионер болып кетті
фото: ашық дереккөз

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны пара туралы хабар беріп, 4 миллион теңгеге ие болды. Жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің хабарлауынша, жыл басынан бері берілген ең жоғары сыйақы осы деп хабарлайды Paryz.kzЭкспресс-К басылымына сілтеме жасап. 

Тағы бес азамат орташа есеппен 100 мың теңгеден сыйақы алды. Айта кетейік, Қазақстанда былтыр жемқорларды ұстап берген азаматтарды ынталандыру жүйесі енгізілді. 

Параның немесе келтіріген залалдың соммасы 1 000 АЕК-дан аспайтын болса, хабар берген азамат қылмыстың ауырлығына қарай 30 бен 100 АЕК аралығында сыйақы алады. 

Ал 1 000 АЕК-дан асатын пара жайлы хабар жеткізсе, сыйақының көлемі 10%-ды құрайды, бірақ 4 000 АЕК-дан аспауы тиіс. Мысалы, егер пара немесе келтірілген залал құны 50 миллион теңге болса, хабар берген адам сот шешімі шыққаннан кейін 5 миллион теңгеге ие болады, - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі. 

Жемқорлық туралы фактіні 1424 нөміріне хабарлауға болады. Саналы азаматтар туралы ақпарат құпия сақталады.