Осылайша, Қазақстан құрамасы Д тобында екі ұпаймен төртінші орынға көтерілді.
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2022 жылы Катар жерінде өтетін әлем чемпинатының іріктеу кезеңі аясында Украинамен тең ойнады. Матч Нұр-Сұлтан қаласындағы "Астана-Арена" стадионында өтіп, 2:2 есебімен тең аяқталды деп хабарлайды Aladop.kz
Кездесудегі есепті қонақтар ашты. Екінши минутта "Бенфиканың" шабуылшысы Роман Яромчук әдемі соққы жасап, Стас Покатиловты қапыда қалдырды.
Бірақ 74-минутта Асхат Тағыбергеннен тамаша пас алған Руслан Валиуллин гол соғып, есепті теңестірді. Ал ойынның 90+3 минутында алаңға тыңнан шыққан Даниил Сикан айып алаңындағы қарбаласты өз пайдасына жаратып, Украина құрамасын алға шығарған.
Алайда біздің жігіттер соңына дейін берілмеді. 90+6 минутта Руслан Валиуллин ойындағы екінші голын соғып, таразы басын тағы да теңестірді. Осылайша, матч та өз мәресіне жетті. Екі құрама еншілеріне бір-бір ұпайдан салды.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Д тобында екі ұпаймен төртінші орынға көтерілді. Ал төрт матчта да тең түскен Украина екінші орында тұр.