Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Еліміздің боксшылары Азия чемпионатында 19 алтын мен 15 күміс алды

Қыздарымыз да жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Еліміздің боксшылары Азия чемпионатында 19 алтын мен 15 күміс алды
фото: ашық дереккөз

Дубайда өткен жастар мен юниорлар арасындағы бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 19 алтын, 15 күміс және 15 қола медаль жеңіп алды деп хабарлайды Paryz.kz

Бокс федерациясы ерлер командасында 8 бірдей спортышымыз алтын алғанын мәлімдеді. Олар: Санжар Тәшкенбай (48 келі), Нұрсұлтан Алтынбек (54 келі), Әбдіғали Әбдікәрім (57 келі), Ерасыл Ермек (60 келі), Елнұр Сүйінбай (63,5 келі), Абзал Серік (67 келі), Бақберген Әлиасқаров (75 келі) және Темірлан Мұқатаев (86 келі).

Бұдан бөлек, Мәди Әміров (92 келі) пен Даниал Сапарбай (+ 92 кг) күміс медальді жеңіп алса, Арман Алматұлы мен Дәурен Мамыр қола жүлдегер атанды. Бас бапкер – Қайрат Сәтжанов.

Осылайша, жалпыкомандалық есепте қазақстандық боксшылар бірінші орынға ие болды. Екінші орында – Өзбекстан (3 алтын, 3 күміс пен 1 қола), ал үшінші орында – Үндістан (2 алтын, 3 күміс пен 4 қола).

Қазақстандық Елнұр Сүйінбай техникалық тұрғыда ең үздік боксшы атанды. Оған арнайы сыйлық табысталды.

Қыздарымыз да жүлдегерлер қатарынан көрінді. 

Дубайда боксшы қыздарымыз 12 медаль жеңіп алды.
Алтын медаль:

  1. Милана Аюпова (63 келі);
  2. Аида Сәрібарова (81 келі);
  3. Диана Мағауяева (+81 келі)

Күміс жүлдегерлер: Айшагүл Елеубаева, Жұлдыз Шаяхметова, Гаухар Шайбекова мен Дана Дидай. Ал Гүлнәз Бірибаева, Гүлнәр Тұрапбай, Хава Болкоева, Шахназ Исаева мен Анар Тұрынбек қоланы қанағат тұтты.

Бас бапкер - Елдос Сайдалин.