Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Кенесарының бассүйегі Қостанайда болуы мүмкін - Тұрсын Жұртбай

Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдары неміс әскері Мәскеу түбіне жақындап қалғанда, Эрмитаждағы жәдігерлер эшелонмен жан-жаққа жөнелтілген. Соның бір бөлігі Қостанайға жол тартқан. 

Кенесарының бассүйегі Қостанайда болуы мүмкін - Тұрсын Жұртбай
фото: ашық дереккөз

Белгілі ғалым қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлының бас сүйегіне қатысты осындай пікірін білдірді деп хабарлайды Paryz.kz, ЭК сайтына сілтеме жасап.

"Кенесарының бас сүйегі Қостанайдан шығып қалуы мүмкін" деген ойды орыс ғалымдары айтыпты. Алаштанушы олардың сөзінің де жаны бар екенін жоққа шығармайды. Өйткені, Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдары неміс әскері Мәскеу түбіне жақындап қалғанда, Эрмитаждағы жәдігерлер эшелонмен жан-жаққа жөнелтілген. Соның бір бөлігі Қостанайға жол тартқан.

Кунсткамераның антропология бөлімінің басшысы "мұндағы бас сүйектер 1941-42 жылдары бес бағытқа көшірілді. Олар Омбы, Тобыл, Смоленск, Самарқан және Қостанай қаласына жіберілді. Оларға кеткен жәдігерлердің көбінің дерегі белгісіз, қайтпай қалғаны да бар. Өзіміз де кейбір экспонаттарды таба алмай қалатын кездеріміз болады. Мысалы, Түрікменнің бір батырының бас сүйегі Самарқан арқылы Ашхабадқа, яғни, өз еліне жеткенін білдік" деп айтқаны бар-тын. Мен бұған дейін бірінші Омбыдан іздеу керек деген ойымды айтып келдім. Жақында бұл жайлы сұхбат та бердім. Егер Омбыдан дерегі шықпаса, Қостанайды зерттеу қажет. Ал, одан табылмаса Смоленкс, Тобыл, Самарқанды шолу керек. Қалай болғанда да, ханның бас сүйегі жоғалып кетуі мүмкін емес, — дейді профессор Тұрсын Жұртбай.

Сондай-ақ ғалым жәдігерлерді көшіріп жатқанда "қазақтың ханының бас сүйегі өз еліне қарай жақындай берсін" деп бүйрегі бұрған бір адам болған шығар" деп иланғысы келгенін де жасырмайды.

Еске сала кетсек, кеше бірқатар БАҚ "Кенесары ханның бас сүйегі Омбы музейлерінің бірінен табылды" деген бейресми ақпарат таратқан. Бірақ бұл жаңалық әлі де ресми түрде расталмады.