Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Ауғанстандағы жағдайдың әсері": Елімізде нан бағасы тағы да қымбаттауы мүмкін

Астықтың төмен болуы, әлемдік азық-түлік бағасының өсу тенденциясымен қатар астық бағасының өсуіне әкеледі...

"Ауғанстандағы жағдайдың әсері": Елімізде нан бағасы тағы да қымбаттауы мүмкін
фото: ашық дереккөз

Мамандар көктемге қарай нан қымбаттайды деп болжап отыр. Бұған басты себептердің бірі – бидай егіншілігінің көлемінің тарылуы. Биылғы құрғақшылыққа байланысты шаруалар астықты былтырғыдан 20%ға кем жинайтын болады. Бағаға азық-түлік бағасының өсуінің әлемдік тенденциясы да әсер етеді деп хабарлайды Paryz.kz, 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

2021 жылдың ыстық маусымы астық жинау алқабына өз әсерін тигізбей қоймады. Ал бидайдың белсенді өсуі кезінде жаңбыр аз жауған. "Қазгидрометтің" мәліметі бойынша, астық егетін негізгі өңірлер болып табылатын Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында жылдық орташа жауын-шашынның жартысынан сәл астамы ғана жауған. Бұл егін жинау шаруасына айтарлықтай ықпал етті.

Тағы оқи отырыңыз: Елімізде нан қымбаттап кетті

Астықтың төмен болуы, әлемдік азық-түлік бағасының өсу тенденциясымен қатар астық бағасының өсуіне әкеледі. Сәйкесінше ұн мен нанға да. Өсім бағасын Қазақстанның аграрлық-өнеркәсіптік одағының президенті Алмаз Зарипов болжайды. Оның пікірінше, негізгі өнімдердің баға белгілері көктемге қарай ауысады.

Ішкі өнімдердің бағасы экспортпен тығыз байланыста. Жергілікті фермерлер мен шетелдік сатып алушылардың ортасында алып сатарлар тұрады. Егер отандық астық пен ұнға сұраныс жоғары болса, тиісінше, баға ел ішінде де көтеріледі. Бұл нарықта Ауғанстан маңызды орынды алады. Біздің астық пен ұнның барлық әлеуетінің шамамен отыз пайызы сол жаққа жөнелтіледі. Бұл ел астық пен ұн өнімдерінің негізгі сыртқы тұтынушысы болып саналады. Қазіргі геосаяси тұрақсыздыққа байланысты әрі қарайғы екі ел арасындағы ынтымақтастық қауіпті қатарда тұр. Ауғандықтардың астық пен ұнға деген қажеттілігі ешқайда кеткен жоқ, бірақ олардың төлем қабілеттілігінде үлкен мәселе тұр, - дейді ол.