Прямая трансляция

Астана

Астана

-0.03°C

Ауа райы: ертең еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды

Республика бойынша кей жерде жел күшейеді. 

Ауа райы: ертең еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды
фото: ашық дереккөз

Синоптиктер 18 тамызда ауа райы қандай болатынын болжады деп хабарлайды Paryz.kz

Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жаумайды. Тек республиканың оңтүстік-шығыс және солтүстік-шығыс таулы аудандарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республика бойынша кей жерде жел күшейеді. Шығыста, оңтүстікте бұршақ жауады, солтүстік-шығыста және орталықта түнде және таңда тұман түседі. Оңтүстікте шаңды дауыл тұруы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз солтүстік-шығысында найзағай ойнайды, оңтүстік-шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Күндіз Павлодар облысының оңтүстігінде найзағай ойнайды, желдің екпіні 18 м/с-ге дейін күшейеді. Түнде батыста, оңтүстік-батыста тұман болады.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Түнде таулы аудандарында тұман түседі.

Қарағанды облысының солтүстік, шығыс бөлігінде күндіз найзағай ойнайды, түнде және таңертең тұман түседі.

Жамбыл облысында шаңды дауыл болады. Облыстың солтүстік-шығыс, оңтүстік-батыс бөлігінде жел күшейіп, екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз таулы аймақтарда найзағай болып, бұршақ жауады.

Қызылорда облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында күндіз жел 15-20 м/с болады.

Түркістан облысының таулы аудандарында желдің екпіні 15-20 м/с-ге дейін күшейеді.

Алматы облысының таулы аудандарында, Ақмола облысының солтүстік-шығысында найзағай ойнайды. 

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында күндіз өте қатты ыстық болады. Ақтөбе облысында, Маңғыстау, Қостанай облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде, Қарағанды облысының батысында, Алматы облысының шығыс және батысында, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ақмола облысында төтенше өрт қаупі сақталады.