Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Елімізде алдағы үш күнде ауа температурасы төмендейді

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн салқын болады. 

Елімізде алдағы үш күнде ауа температурасы төмендейді
фото: ашық дереккөз

2021 жылғы 12-14 тамызға арналған ауа райы болжамы жарияланды деп хабарлайды Paryz.kz

Ел аумағында температураның айтарлықтай төмендеуі күтіледі. Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн салқын болады. 

Батыс Сібірде орналасқан циклон республиканың шығыс бөлігінде әлі де қолайсыз ауа райы қалыптастырады. Мұнда жаңбыр жауады. Шығыста және оңтүстік-шығыста найзағаймен, бұршақпен және екпінді желмен бірге қатты жаңбыр жауады. Республиканың батыс жартысында ауа райы Жаңа Жер облыстарынан келетін антициклонмен анықталады — температураның төмендеуі күтіледі. Елдің солтүстік, орталық және шығыс бөлігінде ауа температурасы түнде 5-13-ке дейін төмендейді, күндіз 15-23 градусқа дейін болатыны күтіледі. Оңтүстікте түнде 8-18-ге дейін, күндіз 18-34 градусқа дейін болжануда. Батыста түнде аздап төмендейді — 17-27, күндіз 30-40 градусқа дейін болады, – дейді синоптиктер.