Еліміздің бірқатар өңірінде 41 градусқа дейін ыстық болады

Бұл өңірлерде өрт қаупі жоғары. 

Еліміздің бірқатар өңірінде 41 градусқа дейін ыстық болады
фото: ашық дереккөз

Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында қатты ыстық болып, сынап бағанасы 41 градусқа дейін көтеріледі деп хабарлайды Paryz.kz.

Бұл өңірлерде өрт қаупі жоғары. Ал Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде жауын жауып, найзағай ойнайды.

Синоптиктердің болжауынша, осы аймақтарда секундына 20 метрге дейін жететін екпінді жел тұрады.